28 мамыр 2019 17:24

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарларымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Атул Харемен және Жан-Пьер Лакруамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Атул Харемен және Жан-Пьер Лакруамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында бейбітшілікті қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қауіпсіздік және ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

"Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының міндеттері мен мақсаттарын құрметтейді. Біз БҰҰ Бас хатшысы ұсынған реформаларды, соның ішінде бітімгерлік миссияларды қолдаймыз. Біз бітімгерлік қызметтің тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Өкінішке қарай, қазіргі әлем өте құбылмалы болып тұр. Сондықтан, біздің бірлескен қызметіміз жер шарын мейлінше тұрақты әрі қауіпсіз етеді деп үміттенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Атул Харе БҰҰ аясындағы бітімгерлік операцияларға қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети