ПОДЕЛИТЬСЯ
06 шілде 2019 | 16:49
Тоқаев елордада жекпе-жек сарайын ашты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда жаңа Jekpe-jek сарайының ашылуына қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда жаңа Jekpe-jek сарайының ашылуына қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бес мың көрерменге арналған спорт ғимараты бокстан, күрестен, дзюдодан, ауыр атлетикадан және басқа да олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрінен халықаралық жарыстар ұйымдастыра алады.
Сарайда 25 метрлік бассейн, жаттығу және күрес залдары, футбол алаңы, сондай-ақ, жайлы қонақ үй бар.
Жаңа спорт нысанының ашылу салтанатында жауынгерлік өнер фестивалінің гала-концерті өтті. Фестивальді Қазақстанның Жауынгерлік өнер ассоциациясы ұйымдастырды. Спорт ұйымының басшысы - Кәрім Мәсімов.
Үш сағаттық бағдарлама аясында қауымдастыққа кіретін спорт түрлері бойынша көрсетілім жоспарланған. Сондай-ақ, тай боксы, панкратион, жауынгерлік самбо және кикбоксинг бойынша титулдық жекпе-жек өтеді.
Құрылысты "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырды. Жоба құны 19,5 миллиард теңге.
Показать комментарии
Читайте также