ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2019 | 12:24
Тоқаев елшілер арасында кадрлық ауыс-түйіс жасады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елшілер арасында кадрлық ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елшілер арасында кадрлық ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды;
Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы, Бұрынғы Югославияның Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;
Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Показать комментарии
Читайте также