01 ақпан 2020 12:22

Тоқаев: Жеңіс күнін тойлауға көп мән беремін

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ресей Федерациясы Үкіметінің жаңа басшысы Михаил Мишустинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ресей Федерациясы Үкіметінің жаңа басшысы Михаил Мишустинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сіз Үкімет төрағасы ретінде Қазақстанға алғашқы шетелдік сапар жасадыңыз. Одан біздің стратегиялық ынтымақтастық пен ЕАЭО аясындағы өзара қарым-қатынас тұрғысынан практикалық маңызы да бар символдық мән көреміз. Сізді осы жоғары лауазымға тағайындалуыңызбен құттықтаймын және Ресейдің игілігі үшін табыс тілеймін. Сондай-ақ, менің әріптесім Владимир Путинге сәлем мен ізгі тілектерімді жеткізгім келеді", - деді кездесуде Тоқаев.

Михаил Мишустин жылы жүздесу үшін алғыс айтып, Владимир Путиннен сәлем айтты. 

"Біз сіздерді 9 мамырда Мәскеуде Жеңіс күнінде күтеміз", - деді Мишустин.

"Жеңістің 75 жылдығына орай, әрине, Мәскеуге, Қызыл алаңға шақыртуыңызды үлкен ілтипатпен қабылдаймын. Бұл біздің ортақ мереке. Мен, майдангердің ұлы ретінде, Жеңіс күнін тойлауға көп мән беремін. Осы күні бірге боламыз", - деп жауап берді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети