01 маусым 2019 16:06

Тоқаев "Жұлдызай" фестивалінің гала-концертіне барды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы ерекше мұқтаж балалардың шығармашылығына арналған XIV "Жұлдызай" халықаралық фестивалінің гала-концертін тамашалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Конкурстық іріктеудің ақтық кезеңіне 255 бала қатысты. Ең таңдаулы өнерпаздар қорытынды гала-концерттің бағдарламасына енгізілді. Концертте фестивальға қатысушы балалармен бірге дуэтте КешYOU, Дәулет Болатов, Балжан Бидаш, Айша, Назым Абілдина сияқты отандық эстрада жұлдыздары мен "Дауыс. Балалар" жобасының жеңімпазы Максим Ержан өнер көрсетті.

Бұл халықаралық фестивальді Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "BI-Жұлдызай" корпоративтік қоры ұйымдастырды. Биыл шығармашылық конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірінен 7 758 өтінім түскен. Оның сыртында, Грузиядан, Беларусьтен, Түркиядан, Ресей Федерациясынан және Франциядан өнерпаздар қатысты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети