1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді 30 сәуір 2019, 14:47

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Президент баспасөз қызметінің жетекшісі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Президенті жұмыс сапармен Алматы қаласына келді. Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылық өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесулері жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады.