11 қыркүйек 2019 | 19:54

Тоқаев Қытайда қандай көлікпен жүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қытайға сапары барысында Бейжіңде қозғалысы үшін лимузин берілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қытайға сапары барысында Бейжіңде қозғалысы үшін лимузин берілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай еліне мемлекеттік сапары басталған.

Қазақстан Президентінің сапары туралы жазуға келген журналистер Мемлекет басшысының кортежін фотоға түсірген. 

Қазақстан Президенті ретро стильдегі қытайлық үкіметтік Hongqi автокөлігімен жүр. Оның атауы Қытай тілінен "Қызыл байрақ" деп аударылады. 


© Тengrinews.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді.


© REUTERS

Айта кетейік, 2018 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға жасаған сапары кезінде осыған ұқсас көлікпен жүрген еді. 

Қазақстан Президенті Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы Hikvision компаниясының жұмысымен танысады. Сонымен қатар бағдарлама бойынша Alibaba компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети