30 қыркүйек 2019 16:41

Тоқаев Мамин мен Назарбаеваны қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Мамин мен Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Мамин мен Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министр Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері, шетелдік инвестицияларды тарту барысы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру, өңірлерді дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Сондай-ақ Асқар Мамин Президентке 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы жайында да ақпарат берді. Мемлекет басшысы Премьер-Министрге қазан айының ортасында өтетін экономикалық даму мәселелеріне арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.

Сенат Төрағасы Президентке Парламенттің жоғары палатасы жұмысының жай-жапсары мен заң шығару қызметінің жоспары туралы айтты. Президент Жолдаудың негізгі бағыттарын сапалы заңнамамен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети