Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда еліміздің бас туын көтеріп, елорданың 21 жылдығына орай құттықтау сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда еліміздің бас туын көтеріп, елорданың 21 жылдығына орай құттықтау сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қымбатты отандастар, мемлекеттік туды көтерудің салтанатты рәсімі дәстүр бойынша Астана күніне арналған мерекелік іс-шараларды ашады. Қазақстан туы көкке көтерілгенде біздің жүрегіміз еліміз үшін, оның жетістіктері үшін мақтаныш сезіміне толады. Өзінің қалыптасу кезеңінен бастап елордамыз дамудың қазақстандық моделіне айналды. Бұл Елбасының ұлт бірлігі мен мемлекеттілігімізді құрудағы тарихи еңбегінің лайықты бағасы. Бүгінде Қазақстанның туын бүкіл әлем қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бейбітсүйгіш және салмақты саясаттың символы ретінде таниды", - деді Президент "Атамекен" этномемориалдық кешеніндегі ту көтеру рәсімінде.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары әскери оқу орындарының 27 түлегіне офицерлік погондар тапсырды.
Нұр-Сұлтан орталығындағы ҚР Мемлекеттік Туының ені 30, ұзындығы 15 метр және ол 111 метр биіктікте орналасқан. Тудың салмағы 100 келі.
© Бауыржан Жуасбаев