23 қыркүйек 2019 10:39

Тоқаев Нью-Йоркке ұшып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясына қатысуға келді, - деп хабарлайды "Хабар24".


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясына қатысуға келді, - деп хабарлайды "Хабар24".

Тоқаев бірнеше мемлекет басшысымен және кәсіпкерлермен кездеседі деп жоспарланған. Бас ассамблеяның сессиясы қыркүйектің 23-25 арпалығында өтеді. 

Бас Ассамблея жиынына 196 делегация, 100-ге жуық мемлекет басшылары, БҰҰ-ға мүше елдердің 80-нен аса үкімет және сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысады деп күтіледі. Оның жұмысы аясында 630 түрлі кездесулер өткізу жоспарланған.

Мемлекет басшысы биылғы жылы "кедейлікті жою үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру, сапалы білім беруді, климаттық іс-қимылдар мен жан-жақты тәсілді ілгерілету" тақырыбында өтетін Бас Ассамблеяның Жалпы дебаттарында, сондай-ақ тұрақты даму мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумда сөз сөйлейді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар елдердің мемлекет және үкімет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен, америкалық кәсіптің, трансұлттық компаниялардың, АҚШ саяси және сараптамалық топтарының өкілдерімен кездесулері жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети