26 қыркүйек 2019 13:06

Тоқаев Нью-Йоркте алпауыт компаниялардың президенттерімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Eurasia Group, Goldman Sachs сынды алпауыт компаниялардың президенттерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Eurasia Group, Goldman Sachs сынды алпауыт компаниялардың президенттерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нью-Йорк сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі америкалық саясаткер, "Eurasia Group" зерттеу және консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және президенті Ян Бреммермен кездесті.

Тараптар кездесу барысында  өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, технологиялық дамудағы заманауи трендтерді талқылады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ян Бреммерді "Astana Club" халықаралық пікірталас алаңының жұмысына қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Goldman Sachs" компаниясының президенті Дэвид Соломонмен кездесті. Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының шеңберіндегі ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы Дэвид Соломонға компаниясының Қазақстандағы жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруға қатысқаны, сондай-ақ, 2018 жылы АХҚО биржасы акционерлерінің қатарына кіргені үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Goldman Sachs" компаниясымен ынтымақтаса отырып Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, АХҚО-мен өзара іс-қимыл аясын кеңейту және қазақстандық компаниялардың IPO-ға шығуына жәрдемдесу мәселелерінде тығыз жұмыс істеуге ниет білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети