31 қаңтар 2019 | 11:54

Тоқаев Перуашевтің Қазақстан атауын өзгерту туралы ұсынысына пікір білдірді

© Тұрар Қазанғапов

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің Қазақстан атауын өзгерту туралы ұсынысына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің Қазақстан атауын өзгерту туралы ұсынысына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде "Қазақстан" деген сөз бар. Соның өзі жетеді. Солай қала беруі керек - Қазақстан Республикасы. Президент Қазақстан Республикасы атынан көптеген халықаралық шартқа қол қойған болатын. Қазақстан атауын өзгертуге ешқандай негіз жоқ, өзгертудің мәні де жоқ. Басқа проблемалар жетеді", - деді сенатор журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Реклама
Реклама

Qazaq Republic: Қазақстанның тарихта қандай атаулары болған

Еске салайық, таяуда Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстан атауын өзгертуді ұсынған болатын. "(...) Қазақстан атауын қолдану барысында елімізге ресми түрде Қазақ Республикасы атауы берілуі мәселесіне қайта оралуды ұсынамыз. Бұл бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев бес жыл бұрын көтерген еді. Елбасының ұсынысын практикалық түрде жүзеге асыруға уақыт келді деп санаймыз. Әр затты өз атауымен атаған жөн, қараны - қара, ақты - ақ, қазақты - қазақ. (...)", - деген еді Перуашев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная