Тоқаев Президент әкімшілігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді

29 Маусым, 13:51
1
Тоқаев Президент әкімшілігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді -

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларға Президент Әкімшілігінің жаңа Басшысы Қырымбек Көшербаевты таныстырды.

"Қырымбек Елеуұлын бәріңіз жақсы білесіздер. Ол елімізге белгілі, танымал азамат. Қырымбек Елеуұлы - түрлі басқару орталықтарында жауапты қызмет атқарған тәжірибелі басшы. Мемлекетіміздің даму жағдайын жақсы біледі. Тапсырылған жұмыстардың бәрін жоғары деңгейде атқарады деп сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің халықтың әл-ауқатын арттыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, оның қызметінің негізгі басымдықтарын белгілеп берді.

"Біз сайлауалды тұғырнаманың іс-қимылдар жоспары мен басқа да маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға кірісеміз. Президент Әкімшілігі барлық бастамалардың, бағдарламалар мен стратегиялардың мүлтіксіз орындалуына жауап беретініне көңіл аударғым келеді", - деді мемлекет басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай