01 шілде 2019 11:10

Тоқаев Путинге көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан адамдардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан елді мекендердің қирағаны және адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны жөніндегі хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын және олардың қайғысына ортақ екенімізді жеткізуіңізді сұраймын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген жеделхатта.

РИА Новости мәліметінше, Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан 9 мыңнан аса тұрғынмен 3,3 мыңға жуық үй су астында қалды, 150-ден аса адам ауруханаға жатқызылды.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, кем дегенде бес адам қаза тапқан, оның ішінде бір бала бар. 

55 елді мекенде 3 296 үй су астында қалып отыр, онда 9 809 адам (оның ішінде 2 681 бала), 18 әлеуметтік маңызы бар нысан, 3 525 үй жанындағы учаскелер бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети