04 қараша 2016 12:45

Тоқаев Словакия СІМ басшысын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ratel.kz © Ratel.kz

ПарламентСенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчакпен кездесті, - деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ПарламентСенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчакпен кездесті, - деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төраға Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі болып табылатын Еуропа ОдағындағыБратиславаныңтөрағалығына жоғары баға берді. Төраға Словакияның Ұлттық кеңесі Қазақстан мен Еуропа Одағының арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялаған алғашқы еуропалық парламенттердің біріболғанын ризашылықпен атап өтті.

Қ.Тоқаев Қазақстан Парламентінің қызметімен мейманды таныстырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "100 қадам" Ұлт жоспарында нақтыланған бес институционалды реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету туралы айтты.

Тараптар екіжақты парламентаралық байланыстарды дамытудың келешегін талқылай келіп, екіжақты ынтымақтастық аясында оның маңыздылығына тоқталды.

Сенат Төрағасы 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болу жөніндегі Қазақстанның бастамасына Братиславаның қолдауына сенім артатынын да айтты. "Бейбітшілік пен қауіпсіздікке қолдау білдіру, превентивтік дипломатия, қақтығыстарды реттеу мен бітімгершілік, көші-қон, қоршаған орта- біздің басымдықтар болып табылады. Біз ядролық, энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу жөнінде де жұмыс атқаратын боламыз", - деді Қ. Тоқаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети