27 мамыр 2019 16:39

Тоқаев Үндістанның премьер-министрін құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нарендра Моди Нарендра Моди

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министрі лаузымына қайта сайланған Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеделхатта Нарендра Модиді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Үндістан Республикасының премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтап,  Бхаратья Джаната партиясының басым жеңісі, Үндістан халқының оған деген сенімі мен қолдауын көрсететінін айтқан. 

"Сіздің көшбасшылығыңыз бен қабілетіңіздің арқасында Үндістан өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа жетістіктерге жетіп, халықаралық беделін нығайта түседі деп сенемін. Қазақстан мен Үндістанның достас халықтарының игілігі үшін стратегиялық ынтымақтастығымызды тереңдете беруге дайын екенімізді жеткіземін", – делінген жеделхатта.  

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрінің қызметіне табыс,  халқына бейбіт өмір мен береке тіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети