09 мамыр 2019 09:28

Тоқаев: "Зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау - біздің қастерлі борышымыз"

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрар Қазанғапов Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Өзінің құттықтауында Президент батырларымыздың Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік бергенін айтты.

"Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше. Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді", - дейді мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар, Тоқаев ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің еңбегін бағалап, оларға денсаулық тіледі. 

"Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек көрсетті. Соғыс жылдары елімізге жүздеген зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Майданға мыңдаған вагон
киім-кешек пен азық-түлік жіберілді. Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау - біздің қастерлі борышымыз. Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!",  - деді Президент. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети