ПОДЕЛИТЬСЯ
17 сәуір 2019 | 16:47
Тоқаевтың екі аккаунты ғана бар - Президенттің баспасөз хатшысы фейктер жайлы
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желілерде екі ғана аккаунты бар, қалғандарының бәрі - жалған парақшалар. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз хатшының мәлімдеуінше, соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кеткен. Сол арқылы жалған ақпарат таратып жатқандар да бар, кейбірі оны коммерциялық мақсатта қолданып жатыр екен.
"Осыған байланысты барша әлеуметтік медиа қолданушылар мен БАҚ өкілдеріне ескертеріміз - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан - @TokayevKZ, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты", - деп жазды Берік Уәли Facebook желісінде.
Показать комментарии
Читайте также