24 қыркүйек 2019 09:37

Тоқаевтың Нью-Йоркке сапарының видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапарының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапарының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Видеоны Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, Президент 23 қыркүйекте (сапардың алғашқы күні) БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында бірқатар саясаткерлермен және сарапшылармен кездескен. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары, Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сондай-ақ, Нью-Йорк қаласында Мемлекет басшысы Bloomberg ақпарат агенттігінің негізін қалаушы әрі иесі Майкл Блумбергпен кездесті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети