16 қыркүйек 2019 17:21

Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1,2 миллиард теңге өндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1,2 миллиард теңге өндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1,2 миллиард теңге өндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдан мемлекеттік сот орындаушының өндірісінде Тоқтар Төлешовтен мемлекет пайдасына 1,4 миллиард теңге өндіру туралы атқару құжаты орындауда болған.

Іс-құжаттарды зерделеу нәтижесінде ЖШС-нің жарғылық капиталындағы активтері ретінде берілген борышкер Тоқтар Төлешовке тиесілі мүліктері анықталды, алайда аталған мүліктерінен өндіруді ұзақ уақыттан бері жүзеге асыра алмаған. Қала прокуратурасының тікелей араласуымен мемлекеттік сот орындаушы аталған мүліктеріне бағалау жүргізіп, нәтижесімен соттың ұйғарымы негізінде олар мемлекет пайдасына берілді. Айтылғандардың негізінде, атқару өндірісінің аясында Тоқтар Төлешовке қатысты сот үкімі орындалып, жалпы сомасы 1 миллиард 215 миллион теңгені құрайтын борышкердің мүлкін бюджетке түсуі қамтамасыз етілді.

"Сот үкімінің әрі қарай орындалуы бақылауда", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Тоқтар Төлешов 2016 жылы 30 қаңтарда Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталды. ҰҚК мәліметінше, ол Қазақстанда билікті зорлықпен құлатуға дайындалған. 2016 жылы қарашада Төлешов 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Заңсыз жолмен келген мүлкі толығымен тәркіленіп, өмір бойы басшылық қызметпен айналысуға тыйым салынады, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети