Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Тоқтар Төлешовтің ұсталуы біздің өңір үшін атышулы оқиға - ОҚО әкімі

23 Ақпан 2016, 17:49
17
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

ОҚО әкімі Тоқтар Төлешовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада өткен брифинг барысында Бейбіт Атамқұлов белгілі кәсіпкер туралы іске қатысты өзіне мәлім мән-жайды баяндады.

"Бұл оқиға облыс үшін шулы іс болса да, республика үшін маңызы жоқ. Бұл құқық қорғау органдарының құзырындағы іс", - деді әкім.

Ол Шымкенттегі сыра зауытындағы жағдайға қатысты да өз ойын айтты. Айта кетейік, зауыт қызметкерлері кәсіпорынның жалақыны кешіктіріп жатқанын хабарлаған еді.

"Шымкентсыра" кәсіпорнындағы жалақы мәселесіне келсек, өткен жылы желтоқсанда компания қызметкерлерге 27 миллион теңге қарыз болды. Қазіргі уақытта кәсіпорын жұмыс істеп тұр. 10 миллион теңге төленді. Бұл маусымға да тәуелді мәселе. Бұл кезеңде олардың өнім шығару көлемі азаяды. Бұл мәселені еңбек инспекциясы бақылауға алды", - деді Атамқұлов.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 30 қаңтарда Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған еді. Тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленген. Ұсталған кәсіпкер "Шымкентсыра" ЖШС иесі және Террорлық қатерлерді сараптау орталығын басқарған. Бірлестіктің сайтындағы өмірбаянда Төлешовтің 2008 жылдан бастап қоғамдық ұйымдарда көптеген қызметтерді атқарғаны жазылған. Сонымен бірге, ол - "Нұр Отан" партиясының мүшесі, бірнеше журналистер одағының мүшесі және Қазақстан казактары бірлестігінің жоғарғы атаманының кеңесшісі. Айта кетейік, Шымкенттегі арнайы операцияға оңтүстікқазақстандық полицейлер тартылмаған. Бұл операцияны елорданың арнайы қызметтері бақылап, тергеп отыр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (17)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай