27 тамыз 2015 16:20

Тонау мен қарақшылық жасауға ең қолайлы уақытты Бас прокуратура өкілдері айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rrnews.ru © rrnews.ru

Қазақстанның Бас прокуратурасының өкілдері тонау мен қарақшылық жасауға ең қолайлы уақытты айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Интерактив картасы арқылы құқық қорғау органдары мұндай қылмыстардың көбінде түнгі екіден кейін болатынын анықтады.


Қазақстанның Бас прокуратурасының өкілдері тонау мен қарақшылық жасауға ең қолайлы уақытты айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Интерактив картасы арқылы құқық қорғау органдары мұндай қылмыстардың көбінде түнгі екіден кейін болатынын анықтады.

"Біз сараптаманы бұрын жасағанбыз, бізде тонау мен қарақшылықтардың басым бөлігі түнгі екіден кейінгі уақытта болады, бұл уақытта кезекшілік ауысып, қоғамдық тәртіпті реттейтін қызметкерлер - Ұлттық гвардияның күштері, полиция полктері демалысқа кетеді де қызметке таңғы уақытта бірақ шығады. Яғни, осы құбылыс белгілі бір проблемаларды көрсетіп берді, оларды сараптама арқылы анықтап отыруға болады және бұл полиция қызметтеріне зор жәрдем", - деді бас прокурор Асхат Дауылбаев ТМД елдерінің Бас прокурорларының координациялық кеңесінің отырысында. 

Бұл мысалды Дауылбаев қылмыстың географиялық картасы жайлы айту кезінде келтірді. Оның айтуынша, интерактив картасын соталды тергеу реестрімен байланыстыру арқылы прокурорлар қылмыстың тіпті қай көшелер мен үйлерде, қай мезгілде және қандай маусымда болатынын білді.

Бірінші кезекте мұндай карта полиция органдарына пайдалы, себебі олар қылмыс ошағына жедел барып, алдын алу шараларын жүргізеді. Алайда азаматтардың өзі де бұл картаны қолдана алады екен.

"Азаматтар өз ұялы аппараттарын қосып, білгісі келген радиусты тексере алады, бұдан кейін оларға нақты орындардағы қылмыстар жайлы мәлімет келеді. Егер адам серуендегісі келсе немесе белгілі бір жерге барғысы келсе, ол осы ресурсқа кіріп, белгілі бір жердегі қылмыстың уақытын және ол жердің қаншалықты қауіпсіз екенін анықтай алады", - деді Қазақстанны бас прокуроры.

Дауылбаевтың айтуынша, дәл осы принцип жол-көлік оқиғаларының картасын құрастыруда қолданылды. Мұндай карта қазір бас прокуратураның сайтында бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети