6 сабақ

Алаяқтардың арбауына түспеу жолдары

Бұл курс ҚНРДА бастамасымен жасалды
Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының 6 сабағы, жоба аясында біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Осы сабақта ТОП-5 алаяқтық схемасын талқылаймыз.
Алаяқтар күннен-күнге тапқырлық танытып, алдаудың сан түрлі схемасын ойлап тауып жатыр. Төменде – айла-амалдардың кең таралған түрлері мен олардан қорғану жолдарына қысқаша, пайдалы, әрі барынша түсінікті талдауды ұсынамыз.

5 негізгі алаяқтық схема

1. ФИШИНГ (ДЕРБЕС деректерді ұрлау)
Бұл «Шотыңыз бұғатталды», «Деректеріңізді растаңыз» деген мазмұндағы хабарламалар. Сценарийі қарапайым ғана: сізді қорқытады, сіз сілтемені басасыз да — деректеріңізді алаяқтарға өзіңіз бере саласыз.
Бұл не арқылы жасалады:
  • Жалған SMS/хаттар
  • Банктердің шынайы сайттарына ұқсас фейк сайттар
  • CVV-код, логин, құпиясөзді сұрау
Қалай ажыратуға болады
❌ Сайттың мекенжайын тексеріңіз (алаяқтар ұқсас URL жасайды)
❌ Банктер CVV-ді SMS немесе қоңырау шалу арқылы ЕШҚАШАН сұрамайды
❌ CVV «қорғау үшін» емес, ТЕК ҚАНА сатып алу үшін қажет
Қалай қорғану керек
  • Хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз
  • Күмәндансаңыз – сайттың атауын Google-дан қарап алыңыз немесе банк қосымшасы арқылы кіріңіз
  • Банкке ресми call-орталық арқылы хабарласыңыз
2. фейк қоңыраулар
Оның сценарийі тіптен қарапайым және баршамызға таныс. Қоңырау шалады. Сіз тұтқаны көтергенде: «Сізді полиция аға лейтенанты/банк қызметкері мазалап тұр. Атыңызға 10 млн теңге кредит ресімделді. Тез арада ақшаны қауіпсіз шотқа аударыңыз!» дейді.
Не күдік тудыруы тиіс
  • Тұтқаның арғы жағындағы адам сізді қорқытып, асықтырады
  • Сіздің деректеріңізді біледі (аты-жөніңіз, ЖСН; мекенжайыңыз, жұмыс орныңыз)
  • Тұтқаны қоймауды, SMS-кодтарды айтуды сұрайды
  • «Қарызды жабу үшін» ақша аударуды талап етеді
Қалай қорғану керек
  • Сөйлесуді бірден тоқтатыңыз
  • Ресми нөмір арқылы банкке өзіңіз хабарласыңыз
  • Телефон арқылы ЕШҚАШАН SMS-кодты айтпаңыз
3. банк сайттарының көшірмесі
Әдетте, бәрі қызығарлықтай, әрі шынайы көрінеді: банк логотипі бар, «ресми акциялар», «100 000 салып, апта сайын 20 000 алып отыр» деген супер-ұсыныстар.
Бірақ бұл тұзақ: жеке кабинетіңізге виртуалды ақша аударылады, бірақ ол ақшаны алу мүмкін емес.
ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР:
🚩 Айына >20% табыс уәде ету – инвестиция ЕМЕС, бұл - алдау
🚩 Өзге сайтқа өтуді сұрайды (банк сайтына немесе қосымшасына емес)
🚩 «Акция бүгін аяқталады» – әдейі асықтыру
🚩 Ұйымның атауындағы қате, бір қарағанда байқалмайтын логотиптегі айырмашылықтар
Қалай қорғану керек
  • Есіңізде болсын: банктің барлық өнімдерін тек ресми қосымшадан қарау керек
  • Тексеру үшін банктің колл-орталығына қоңырау шалыңыз
  • Ұйымның лицензиясын тексеріңіз (№3 сабақты көріп шығыңыз)
4. ИНВЕСТИЦИялық тұзақтар
Бұл жағдайда алаяқтар «ештеңе істемей, ақша табуды» ұсынады. Керемет ұсыныс емес пе?
БІРАҚ! Алаяқтар брокерлердің сайттарының көшірмесін жасайды, танымал адамдармен дипфейктер жасайды, «риза клиенттер пікір жазатын» Telegram-топтар ашып, форекс, опцион, блокчейн, деривативтер секілді «ақылды» терминдерді пайдаланады.
Мұндай чаттардың біріне тап болсаңыз, алдау белгілерін біле жүріңіз:
  • Табыс тауып» үлгерген «риза клиенттердің» дыбыстық хабарламалары
  • Ақша аударымдарының скриншоттары (жалған скриншоттар)
  • >20% табыс табатыныңызға кепілдік беру
  • Кеш сайын «лоттар жинау»
Қалай қорғану керек
✅ Тек лицензиясы бар брокерлер арқылы инвестициялау
✅ Реттеушінің сайтынан лицензиясын тексеру
5. жалған пошта
Банктің атынан, бірақ алаяқтардан келген хат. Банк атынан келетін хаттар көбіне мынадай болады: «Аккаунтыңыз бұғатталды, мына жерге басыңыз», «Қауіпсіздік жүйесі жаңартылып жатыр», сондай-ақ, .zip немесе .exe файлдар жібереді.
Немесе мемлекеттік органдардың атынан келетін хаттар: «ЖСН бұғатталады –верификациядан өтіңіз», «eGov-қа айыппұл келді – сілтеме арқылы төлеңіз», «Соттан хабарлама келді – файлды ашыңыз».
Біле жүрген абзал:
❌ Банктер тегін пошта сервистерін ПАЙДАЛАНБАЙДЫ
❌ Банктер .zip или .exe файлдар ЖІБЕРМЕЙДІ
✅ Мемлекеттік органдардың хабарламалары тек eGov.kz немесе egov mobile қосымшасына келеді
✅ Банктер хабарлама жолдау үшін мобильді қосымшаларды пайдаланады, өте сирек жағдайда смс-ті пайдаланады
Қалай қорғану керек
  • Бейтаныс мекенжайдан келген файлдарды ашпаңыз
  • Хаттардағы сілтемелерге өтпеңіз
  • Банк қосымшасына өзіңіз кіріңіз

алаяқтардың құрбанына айналсаңыз, не істеу керек?

1 қадам: уақыт жоғалтпаңыз
❌ Алаяқтармен сөз таластырмаңыз
❌ Оларды ұялтуға тырыспаңыз
❌ Ақшаны қайтаруды жалынып сұрамаңыз
2 ҚАДАМ: CALL–ОРТАЛЫҚ АРҚЫЛЫ БАНККЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ
  • Жағдайды түсіндіріңіз
  • Ресми өтінішіңізді ресімдеңіз
  • Барлық карталарды бұғаттаңыз
  • Интернет-банкингтің кілтсөзін өзгертіңіз
  • Екі факторлы аутентификация орнатыңыз
3 ҚАДАМ: ПОЛИЦИЯҒА ЖҮГІНІҢІЗ
  • eOtinish арқылы
  • qamqor.gov.kz арқылы
  • Полиция бөлімшесі арқылы (жақын маңдағы бөлімшені 102 телефон нөмірі арқылы білуге болады)
Қоса беру қажет:
  • Жазылған хаттарды
  • Түбіртектерді
  • Телефон нөмірлерін
  • Барлық құжаттар мен жазбаларды
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ: ҚР сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің нөмірін алыңыз
Алаяқтар атыңызға кредит алса, қосымша:
1. Кредиттік ұйымның атауын біліп алыңыз
2. Ішкі қызметтік жүргізуді талап етіңіз
3. Көшірмелерін талап етіңіз:
  • Шарт пен оның қосымшаларының
  • Жеке басты растайтын құжаттардың
  • Ақша аударылған шот деректемелерін
  • Кредит берген қызметкердің деректерін
4. Құқық қорғау органдарына жүгініңіз
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Барлық өтініштеріңіздің тіркеу нөмірі мен күні жазылуы тиіс

АЛАЯҚТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Алаяқтар әрдайым адамның екі түрлі сезіміне әсер етуге тырысады:
1. ҚОРҚЫНЫШ - «Ақшаңыздан айырылып қаласыз!»
2. АВАНТЮРИЗМ - «Осы жерде және дәл қазір оңай олжаға кенелу!»
Есіңізде болсын: Егер ұсыныс ойға сыймайтындай тым керемет болса, демек, бұл - алдау.

ҚАУІПСІЗДІК ЧЕК–парағы

Ақшаңыз бен жүйкеңізді қорғауға көмектесетін қысқа тізім құрастырдық. Өзіңізге сақтап қойыңыз және қажетіне жарайтын адамдарға жіберіңіз.
  • CVV-кодты құпия ұстаймын;
  • SMS-кодтарды ешкімге айтпаймын;
  • Хабарламалардағы сілтемеге өтпеймін;
  • Күмәндансам – банкке хабарласамын;
  • Лицензияны үнемі тексеремін;
  • Екі факторлы аутентификацияны орнаттым;
  • Сабақты жақындарыма жолдадым.
ӘРДАЙЫМ ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Алаяқтар кәсіби түрде әрекет етеді, бірақ олардың схемаларын білу – сіздің ең мықты қорғауыңыз!
Тест
Біліміңізді тексеріңіз
Бастау
Картаңыздың CVV-кодын қай кезде теруге болады?
Келесi
Нәтижесін көрсету
Банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып, ақшаны шұғыл қауіпсіз шотқа аударуды талап етсе, не істеу керек?
Келесi
Нәтижесін көрсету
Жалған банкті/сайт көшірмесін банктің шынайы өнімінен қалай ажыратуға болады?
Келесi
Нәтижесін көрсету
Деректерді енгізіп қойсаңыз/алаяқтарға ақша аударып қойсаңыз, қалай әрекет еткен дұрыс?
Келесi
Нәтижесін көрсету
Алаяқтар атыңызға кредит ресімдесе, не істеу керек?
Келесi
Нәтижесін көрсету
🔴 Төмен нәтиже
Вы пока мало знаете о схемах мошенников и легко можете попасться на уловки. Пересмотрите урок, обратите внимание на признаки фишинга, фейковых звонков и сайтов.
Тағы да
🟠 Орташа нәтиже
Вы понимаете базовые схемы мошенников, но иногда можете сомневаться или действовать необдуманно. Повторите урок, настройте двухфакторную аутентификацию, проверяйте лицензии и ссылки.
Тағы да
🟠 Орташа нәтиже
Вы понимаете базовые схемы мошенников, но иногда можете сомневаться или действовать необдуманно. Повторите урок, настройте двухфакторную аутентификацию, проверяйте лицензии и ссылки.
Тағы да
🟢 Жоғары нәтиже
Вы знаете все основные уловки мошенников, умеете их распознавать и действовать правильно. CVV, SMS-коды, подозрительные ссылки — все под контролем.
Тағы да
Әрі қарай оқу
©TengriNews 2025
Жоба ҚНРДА
қолдауымен жасалды

Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының 6 сабағы, жоба аясында біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Осы сабақта ТОП-5 алаяқтық схемасын талқылаймыз.

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button