08 желтоқсан 2016 17:22

Төртемнің анасы: Бастапқыда бізге үшем болады деген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салтанат пен Асхат Спановтар © ҚР ҰҚК Шекара қызметі Салтанат пен Асхат Спановтар © ҚР ҰҚК Шекара қызметі

Астанада төртем босанған әйел өз қуанышымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада төртем босанған әйел өз қуанышымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cалтанат Спанованың айтуынша, оған қарағанда күйеуі қатты уайымдаған. Әйелдің айтуынша, олар көптен бері сәбилі болғысы келген екен.

"Бастапқыда скринингте бізге үшемнің дүниеге келетінін айтқан болатын. Бірақ екінші скринингта бізге төрт сәби болады деп айтты. Бірақ бір жағынан таңғалдық та. Әрине, қуандық. Сәбилерді көптен күткен едік. Сәбилер сондай тәтті. Күйеуіме телефоннан мені жедел түрде ауруханаға алып бара жатқанын айттым. Ол кезде күйеуім жұмыста болатын. Содан мені дәлізде алып бара жатқанда, күйеуімді көрдім. Қатты уайымдап тұрған. Ол бастапқыда үш қыз бен бір ұл деп ойлаған екен (...). Cөйтсек, бізде екі қыз бен екі ұл дүниеге келіпті. Қашан үйге жібереді екен деп күтіп отырмыз. Сәбилеріміздің күш жинауына көп уақыт кетпес. Мүмкін біз әзірше не болып жатқанын түсінбей жатқан шығармыз, бірақ бұл біз үшін қуанышты жаңалық. Сәбилерді де көптен бері күткен едік", - деді төртемнің анасы.

Айта кетейік, сәбилердің әкесі Асхат Спанов Қарағанды қаласының тумасы екен. Ол ҚР ҰҚК шекара қызметінде әскери қызметкер болып жұмыс істейді. Ал әйелі Салтанат жеке компанияда жұмыс істейді. Астанаға осыдан бес жыл бұрын көшіп келген екен.

"Сол бір қуанышты күні мен қызметте болған едім. Әйелім хабарласып, оны жансақтау бөліміне апара жатқанын айтты. Содан, әрине, жұмыстан сұранып, әйеліме бардым, (...) Қуанғаным соншалықты бірден анама хабарласа бастадым", - дейді төртемнің әкесі.

Еске сала кетейік, 2 желтоқсанда Астанада төртем дүниеге келген болатын. Сәбилердің ата-анасы оларға Арсен, Әлихан, Диара және Аделя деген есім беріпті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети