Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Төрткүндік жұмыс аптасының Қазақстанға қатысы болмайды - Дүйсенова

09 Қазан 2014, 14:02
0
Тамара Дүйсенова. ©primeminister.kz
Тамара Дүйсенова. ©primeminister.kz

Төрткүндік жұмыс аптасының Қазақстанға қатысы болмайды, Tengrinews.kz тілшісіне Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осындай пікір білдірді.

"Тұтас алғанда, ол жұмыс аптасын қысқартуға емес, жеке еңбекпен қамту көлемін ұлғайтуға бағытталған. Бір бөлігі төрт күн жұмыс істеп, кейінгі үш күнді басқа бөлігі өтейді. Осылайша жеке еңбекпен қамту көлемі ұлғаяды. Бірақ бүгінде оның бізге қатысы болмайды деп ойлаймын", - деді министр Халықаралық еңбек ұйымы сарапшыларының төрткүндік жұмыс аптасына көшу туралы бастамасына қатысты ойын білдіріп.

"Бізде жұмыссыздық бар, бірақ біз сәл басқа мәселемен - азаматтарды өнімді еңбекпен қамтуға тартумен айналысамыз. Бізде еңбекпен қамтуға мүмкіндік бар, қазір бізге ең бастысы - еңбек ресурстарының сапасын арттыру", - деді Тамара Дүйсенова.

Бұған дейін БҰҰ сайтында Халықаралық еңбек ұйымы сарапшыларының төрткүндік жұмыс аптасына көшу туралы ұсынысы жарияланған болатын. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі заманда көптеген ауру түрі артық жұмыс істеудің салдарынан болатындықтан, бұл бастама халық денсаулығын түзеуге мүмкіндік береді. Қысқа жұмыс аптасы жұмыс орындарын көп ашуға да жағдай жасайды. "Түрлі зерттеулер аз жұмыс істеген кезде адамдардың анағұрлым өнімдірек болатынын көрсетеді. Кеңседе ұзақ сағат отыратын адамдар тек қызу еңбек етіп жатқан сыңай танытады", - делінген БҰҰ сайтында. 

Басқа зерттеулерге қарағанда, жұмысқа аптаның төрт күнін арнайтын адамдар өздерін көбірек бақытты санайды және өмірлеріне риза. "Қазіргі замандағы өткір дәйектердің бірі: бір жұмыс күнінен бас тарту қоршаған ортаға оң әсер етеді - өйткені жұмысқа бару және келу саны аптасына бірнеше миллиардқа азаяды", - делінген хабарламада.

БҰҰ сайтында төрткүндік жұмыс аптасы идеясын "Гугл" компаниясының негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж бен мексикалық миллиардер Карлос Слим қолдайтыны жазылған.

Бұл жаңалықтан кейін Қазақстандағы банктердің бірі қызметкерлерін төрткүндік жұмыс аптасына көшірді.

Ресейлік БАҚ болса, Халықаралық еңбек ұйымы өкілінің осыған қатысты түсіндірмесін жариялады, онда спикер ХЕҰ блогындағы жұмыс аптасын қысқартудың артықшылығы туралы мәтінді ұйымға мүше елдерге арналған нақты ұсыныс деп қабылдамауды ескертеді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай