Трамп "Сіздер нағыз ғажайып жасадыңыздар" деді - Назарбаев

07 Желтоқсан 2016, 15:29
0
Трамп "Сіздер нағыз ғажайып жасадыңыздар" деді - Назарбаев -

Назарбаев Дональд Трамппен не жайлы әңгімелескенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қашағанның ресми таныстырылымына қатысты.

"Өздеріңіз білесіздр, таяуда жаңадан АҚШ-тың президенті болып сайланған Трамппен сөйлестім. Өзімізді мақтамай-ақ қояйық... Ол жаңа адам, бірақ оған біздің мұнайшылар мәлімет берген болуы керек. Ол "Сіздер Қазақстанда ғажайып жасадыңыздар" деді. Мұны мен емес, Трамп айтты. Бұл жетістіктің ұлы тарихы", - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Ол осы жылдары мықты мемлекеттің құрылғанын атап өтті.

"Өздеріңіз көріп отырсыздар, менде өте тығыз жұмыс кестесі бар, бірақ бүған қарамастан, ашылғанымызды бүкіл әлемге жар салу үшін келдім. Кейбіреулер "бұл мұнай бағасына әсер ете ме?" деп сұрап жатыр. Келе-келе көре жатармыз. Қазір бюджетті барреліне 30-40 доллар аясында болған жағдайға құрып отырмыз", - деді Қазақстан Президенті. 

Сонымен қатар, ол Атырау тұрғындарын мақтады.

"Қазір атыраулықтар мүлдем басқа адамдар, шетелдік фирмаларда жұмыс істейтін инженерлермен бірге қызмет ететін, күрделі өндірістерді істейтін, шет тілдерін білетін мықты мамандар, осындай адамдар елді көтереді", - деді ол.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай