09 қыркүйек 2017 13:23

Трамвай жүргізушісін тергеуге кедергі келтіреді деп екі айға қамады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда апалы-сіңілі оқушы қыздарды басып кеткен трамвай жүргізушісі екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодарда апалы-сіңілі оқушы қыздарды басып кеткен трамвай жүргізушісі екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар қалалық №2 қылмыстық істер жөніндегі сотында балаларды басып кеткен жүргізуші әйелге қатысты санкция шығарылды. "Сот "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша қылмыстық заңбұзушылық жасады деген күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы туралы материалдарды қарады. Сот трамвай жүргізушісін екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдайды", - деп оқыды судтя Әсет Сүлейменов. 

Жүргізуші әйелді қамау туралы өтінішті полицейлер берген. Тергеу органдарының тұжырымы бойынша, күдікті бостандықта болса істі әділ тергеуге кедергі келтіруі мүмкін. Сотта жүргізуші әйелдің алты жасар қызы бар екені белгілі болды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.

 Осыған дейін аман қалған қыздың ауруханада ес жиғаны хабарланған еді. Ал оның әпкесінің жерлеу рәсімі 9 қыркүйекте, бүгін өтеді. 

Жантүршігерлік оқиға павлодарлықтарды бей-жай қалдырмады. Еріктілер мен қалалықтар қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіп жатыр. 38 жастағы шешесі екі қыз бен екіге толмаған ұлын жалғыз асыраған. Отбасы қамқоршысынан айырылғандар ретінде берілетін жәрдемақыға өмір сүрген. Балалардың әкесі екі жыл бұрын қайтыс болған.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында сағат 7:43-те болған. 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кеткен. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөліміне түскен.

Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.

Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. "Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети