Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Трамвайлардың тоқтауына байланысты Алматыдағы автобустардың бағыты өзгерді

30 Қазан 2015, 12:23
0
Tengrinews.kz
Tengrinews.kz

Алматы әкімдігінің өкілдері трамвай маршруттарының тоқтаған кезінде автобус бағыттарының қалай өзгеретінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, №20 және 112 автобустарының бағыттары өзгерді. №20 маршруты "Рахат" кондитер фабрикасынан Мақатаев көшесінің бойымен №5 емханаға дейін жүреді, ал №112 бағыттағы автобус №6 трамвай бағытының жолымен жүретін болды.

2015 жылдың 16-20 аралығында "Алматыэлектротранс" ЖШС "Метрополитен" КМК зертханасының мамандарын тарта отырып, трамвай жолдарының қауіпсіздігіне тексеріс жүргізген.  

Мамандардың қорытындысы бойынша, көптеген ереже бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер анықталған, нақтырақ айтсақ: барлық құрама тораптың арасында 50 миллиметрге дейін саңылау бар, рельстер 2-2,5 сантиметрге істен шыққан, ағаш шпалдар шіріп кеткен, рельстер сынған, саңылаулар толықтай тіркелмеген.

Осылайша, трамвай жолдары апат жағдайында тұр әрі жөндеуді талап етеді. Сонымен бірге, трамвай жолдарының жағдайына байланысты вагон дөңгелектері де тозған.

Мұнымен қатар, әкімдіктегілердің мәліметінше, 2014 жылы вагондардың рельстен шығып кету дерегі 20 рет тіркелген, ал 2015 жылдың 9,5 айының ішінде вагондар 43 рет рельстен шыққан. Бұл мәліметтер кешенді тексеріс кезінде анықталды, бұл мәліметтерді белгісіз себептермен трамвай депосының басшылығы жария етпей келген.

"Айта кетейік, депо қызметкерлеріне қатысты әлеуметтік қамсыздандыру туралы шешім қабылданды. Мәселен, ұжым түгелдей жұмысқа тұрғызылады және қажет болған жағдайда мамандық ауыстыру бойынша білім алады", - деді әкімдіктегілер.

Осыған дейін 31 қазаннан бастап "Алматыэлектротранс" ЖШС трамвай депосының өз жұмысын тоқтататыны хабарланған болатын. Мұндай шешім арнайы комиссияның зерттеуінен кейін қабылданған. 

Әкімдіктегілердің айтуынша, қала әкімі Бауыржан Байбек трамвай депосына барып, басшылыққа жұмысты қалыпқа келтіруді, сонымен қатар, ол трамвайларды мұндай түрде пайдалануға болмайтынын мәлімдеп, қызметті тоқтатуды тапсырды. Сонымен қатар, әкімдіктегілер жыл басынан бері трамвайлардың 43 рет рельстен шығып кеткендерін айтты. Айта кетейік, трамвай депосының жұмысы толықтай қаралып, 90 адам оқудан өтеді және жұмысқа тәжірибесі бар адамдар ғана алынады.

Сонымен бірге, трамвай-кафе жұмысының да тоқтауы мүмкін және жолдар қалыпқа келтірілгеннен кейін тарихи деп аталатын трамвай жолға шығады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай