24 сәуір 2017 16:35

ТҮҚЖБ басшысы топ-менеджерлердің пәтерлерді жеңілдікпен қалай сатып алғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қазақ үні © Қазақ үні

"ТҮҚЖБ Қазақстан" АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова депутаттарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі топ-менеджерлерінің пәтерлерді жеңілдіктер арқылы қалай сатып алғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ТҮҚЖБ Қазақстан" АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова депутаттарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі топ-менеджерлерінің пәтерлерді жеңілдіктер арқылы қалай сатып алғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол бағдарламалардың барлығы 2008-2010 жылдар аясында болды. Банкті көп адамдардың біле бермейтіні және банк қызметкерлерінің сол кездің өзінде өз бетінше ақша жинағаны әсер етті. Қызметкерлеріміз бұл бағдарламаға қатысқанда олар топ-менеджерлер қызметінде болған жоқ. Ал қазір бұл туралы барлығы біліп жатқандықтан біз барлығын тексеріп жатырмыз. Аса үлкен заңбұзушылықтар жоқ, - деді Ләззат Ибрагимова депутат Артур Платоновтың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бағдарламасы бойынша берілетін пәтерлер жайлы сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, Ләззат Ибрагимова жаңа орынбасарымен бірге өзі, отбасындағы мүшелері және ата-аналары мемлекеттік бағдарламаларға қатыспайтыны жайлы жауапкершілікті өз мойындарына алды.

"Өз тарапымнан кепіл бере аламын: мемлекеттік сектордағы жұмыс тәжірибем арқылы басқарма мүшелерінің және банк басшыларының мұндай жағдайларға ұшырамауы үшін барымды саламын", - деді депутаттарға Ләззат Ибрагимова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрағасы Айжан Медеуованың отставкаға кеткені хабарланған болатын. Қаржы институтының басқарма төрағасының орынбасары Айжан Медеуованың өз атына, сіңлісіне және бұрынғы күйеуіне Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеңілдікпен берілетін үш пәтерді жалпыға ортақ негіздермен алғанын айтып өткен болатын. Медеуованың айтуынша, пәтерлердің ауданы 60 шаршы метрден аспайды және қымбат баспаналар санатына жатпайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети