Түмен облысындағы су тасқынына Қазақстанның қатысы жоқ

02 Маусым 2014, 12:59
0
Түмен облысындағы су тасқынына Қазақстанның қатысы жоқ - ©РИА Новости
©РИА Новости

Қазақстан тарапы Ресейдің Түмен облысындағы су тасқынына қатысы барын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Абат ауданындағы су тасқыны Есілдің арнасынан асып кетуінен болды. Су деңгейі ең қауіпті делінген межеден асып кеткен, мұндай жағдай 2007 жылдан бері болмаған. Жергілікті төтенше жағдайлар қызметі тасқын суқоймалардың бірінде жоспардан тыс су ағызған қазақстандық тараптың кінәсінен болды деп мәлімдеді.

Ал еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі тасқын маусымында Есілге Сергеев және Петропавл суқоймаларынан су айдалған жоқ деп отыр. Бұл суқоймалардағы плотиналарда су деңгейі аса бастаған кезде автоматты түрде су ағызылады, айдалатын су көлемі саланың суымен тең.

Көктемгі тасқын кезінде Сергеев суқоймасына 3,13 млрд текше метр су жиналған, плотинаның жотасынан 2,99 млрд текше метр су айдалды. Соның арқасында су деңгейі 149 сантиметрге төмендеді. Артық су Петропавл суқоймасына құйылды, одан Түмен облысына қарай 3,02 млрд текше метр су ағызылды. Айдалған судың жалпы көлемі ағынның саласынан аз болды. 

"Селдің деңгейі жоғары болғанда Сергеев және Петропавл суқоймаларына су көп шоғырланбайды. Есіл өзені - табиғи суағар, оның суы  Ресей Федерациясының Түмен облысы аумағынан транзиттік режимде өтеді", - дейді ҚР ТЖМ мамандары. Ведомство өкілдері Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы тасқынға қатысты мәліметтердің Түмен облысының төтенше жағдайлар басқармасының жедел кезекшілеріне күн сайын шұғыл түрде жеткізіліп отыратынын айтты.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай