01 желтоқсан 2014 13:57

Тұңғыш Президент күні жекелеген адамға қатысты емес - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, бұл күннің мән-мазмұнына тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, бұл күннің мән-мазмұнына тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлықтарыңызды бүгінгі атаулы мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еліміздің Тұңғыш Президенті күні - бұл жекелеген бір адамның ғана мерекесі емес. 23 жыл бұрын жалпыхалықтық сайлауда тұрғындар өз президентін сайлап алды. Ол уақытта біз қай бағытта жүрерімізді, не істерімізді білмей, алдымен қандай мәселені шешу керектігінен бейхабар жүретінбіз. Жалпыхалықтық сайлау, қазақстандықтардың зор сенімі менің бойыма күш-қайрат бітіріп, еліміздің тәуелсіздігін жариялауға мүмкіндік берді. Осы жылдар аралығында біз мойнымызға жүктелген сенімнен шығып, Қазақстанды аяғынан тұрғыза алдық", - деді Назарбаев "Сарыарқа" велотрегінде өткен "Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы" мерекелік шара барысында сөйлеген сөзінде.

"Тарихи қысқа мерзім ішінде біз басқа елдерде 100 жылда жасалатын жұмыстарды жасадық. Қазір Қазақстанды барлығы біледі. Сіздер тәуелсіздік жылдары өсіп-жетілген бақытты ұрпақсыздар. Ал біз тәуелсіздік алу жолында өмір сүрдік", - деді Мемлекет Басшысы. Сөз арасында Елбасы жастарға еңбектенуге, білімді болуға ұмтылу керектігін айтты. Сөзін аяқтар шағында Президент: "Сендердің энергияларың жас, және ол меніде  жігерлендіреді, барлығымызды жас болуға жетелейді".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети