28 қазан 2016 16:04

Тұңғыш Президенттің Мұражайы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрын жабық болған кабинеттерін ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tour.prezidentsmuseum.kz © tour.prezidentsmuseum.kz

ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы оның қызметкерлері мен келушілері үшін жабық болған Мемлекет басшысының бұрынғы резиденциясының жаңа бөлмелерін ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.


ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы оның қызметкерлері мен келушілері үшін жабық болған Мемлекет басшысының бұрынғы резиденциясының жаңа бөлмелерін ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біз бүгін бір жыл ішіндегі ұжымдық еңбегіміздің нәтижесін ұсынамыз. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында біз жай ғана іс-шара өткізіп қоймай, мұражайымызды жаңадан көрсетіп отырмыз. Осы 12 жыл ішінде біз көп оқиғалар жинадық, көптеген материалдарды зерттедік, енді жиналған материалдарды еркін көрсету мүмкіндігіне ие болдық", - деді ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева. 

Біріншіден, келушілердің ауқымды тобы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Шағын жұмыс кабинеті мен 2-ші Қабылдау бөлмесі ұсынылды, ондағы жағдай мен жиһаздар алғашқы күйінде толық қалпына келтірілген. 

Шағын жұмыс кабинетінде Президент екіжақты немесе көпжақты дауыс сигналын беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы селекторлық жиналыстар өткізген. 

Қабылдау бөлмесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері ұсынылған, естелік суретке түсу мүмкіндігі қарастырылған. Суреттерді мына жерден көре аласыздар.

Мұражай қызметкерлері Мәжіліс залын және Күмбез залының фойесін қайта экспозициялау нәтижелерін ұсынды. Мәжіліс залында Қазақстан Президенті 1997-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлерімен жұмыс жиналыстарын өткізген, мұнда тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясының негіздері әзірленген. 

Залда қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттарын көрсететін материалдар ұсынылған. Келушілер төлтума заттар ұсынылған әр түрлі экспозициялардың бірегей үзінділерін көре алады. Бұл аймақ интерактивті мұрағат және мұражай материалдарымен толығып қана қоймай, сонымен қатар шынайы тарихи жағдайда ұжымдық суреттер жасауға мүмкіндік береді. Келушілер Мемлекет басшысының жазған белгілері бар еліміздің мемлекеттік даму стратегиясы бойынша қолжазбаларымен және құжаттарымен қолайлы жағдайда таныса алады, Тәуелсіздік кинохроникасының бірегей кадрларын көре алады. 

Сондай-ақ, Президенттің бұрынғы резиденциясының камин залы да ашық. Бұл залда Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік делегациялардың басшыларымен, мемлекеттердің басшыларымен, атап айтқанда Әзірбайжан, Ресей, Беларусь және басқа елдердің президенттерімен жиналыстар өткізген.  

"Қысқы кеш" залында Қазақстан Президенті басқа мемлекеттердің басшыларымен бетпе-бет кездесулер өткізген. 

Тұңғыш Президент Мұражайы Нұрсұлтан Назарбаевтың демалыс бөлмесін де ашты, онда ол кездесулер барысында шахмат, домбыра ойнаған.  

Мемлекет басшысына табысталған сыйлықтар ұсынылған Күмбез залының фойесіндегі экспозиция түбегейлі жаңарған. Мұражай жиынтықтарының молдығы мен толығуы оның ғылыми-қор зерттеу нәтижелері бойынша орындалу техникасы мен материалы бойынша жүйелендірілген экспонаттарды ұсынуға мүмкіндік берді.  

"Біз бүгін бұрын келушілер үшін жабық болған залдарды көрсеттік. Бұл тарихи оқиға болып табылады, себебі әр түрлі халықтардың мәдени тарихи мұра объектілерінің көбі қайтып оралмастай жоғалып кетуде. Біз мұражайды адамдар қолайлы жағдайларда өз білімдерін толтыра алатын орталыққа айналдырудамыз", - деді Ақтаева.

Спикер хабарлағандай, мұражайда әлі де қоғам үшін жабық бөлмелер қалған, бірақ Мемлекет басшысының бұрынғы резиденциясының барлық залдары жуық арада кең жұртшылық үшін ашық болады. Ашық залдарды кез келген адам тегін көре алады. Мұражай қызметкерлері саяхаттарды күн сайын таңғы сағат 10-нан кешкі 18-ге дейін үзіліссіз жүргізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети