11 желтоқсан 2018 15:36

Тұрғын үйде өрт қауіпсіздіктерін сақтамау қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Версия.Инфо © Версия.Инфо

Сіз бір сәтке тұрғын үйде, пәтерде, объектіде өрт шығып, артынша қандай салдары болуы мүмкін екенін туралы ойландыңыз ба? Өрт-бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке материалдық зиян келтіретін бақылаусыз жану. Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД ӨҚСБПҚБ МӨБ тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры Г. С. Жұмабаеваның берген өрт қауіпсіздіктері, өрттің алдын алу шаралары туралы кеңестерін көпшілік назарына ұсынады. 


Сіз бір сәтке тұрғын үйде, пәтерде, объектіде өрт шығып, артынша қандай салдары болуы мүмкін екенін туралы ойландыңыз ба? Өрт-бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке материалдық зиян келтіретін бақылаусыз жану. Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД ӨҚСБПҚБ МӨБ тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры Г. С. Жұмабаеваның берген өрт қауіпсіздіктері, өрттің алдын алу шаралары туралы кеңестерін көпшілік назарына ұсынады. 

Өрт аяусыз және талғамайды. Көбіне адамдардың осы апат түріне бейжайы қарауынан шығады. Бұл ретте өрттің адам өліміне әкелмесе де, қандай да бір залал келтіретіні сөзсіз екенін ұғыну қажет. Бұл-басқалардан айырмашылығы бар міндетті түрде қайтарымсыз шығындармен бірге жүретін апат.

Жыл сайын Алматы облысында мыңнан аса төтенше жағдайлар орын алады. Жүздеген адам қаза табады. Көптеген апаттардың, экологиялық табиғат өзгерісінің себебі көбінесе адамның өзі болып табылады. Халықты қауіп-қатерлерден қорғау жекелеген ұйымдардың функциясы ретінде қарастырылмайды. Бұл мәселе ауқымды сипатқа ие, сондықтан оны қарау және онымен бірселе күресу қажет.

Жыл басынан бері тұрғын үй секторында 1039 өрт болды (2017 жылдың ұқсас кезеңінде - 1220 өрт), тұрғын үй секторында өрттерде 22 адам қаза болды, оның ішінде 1 бала (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 16 адам, оның ішінде 2 бала), 6 адам жарақат алды және күйіп қалды (2017 жылдың ұқсас кезеңінде - 32 адам).

"Өрт пайда болуы үшін, бір жерде үш элемент: жанғыш материал, тұтану көзі және оттегінің болуы қажет. Отта осы үш элементтің үйлесімі басқарылмайтын тізбекті реакция тудырады. Өрттің кең таралуы адам шығыны мен материалдық шығынның артуына әкеп соғады, сондай-ақ өртке қарсы күресті қиындатады", - дейді Жұмабаева. 

2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй секторындағы өрт саны 15 пайызға, ал материалдық шығын сомасы 44 пайызға азайған. Тұрғын үй секторында адамдардың қаза болуы жалпы қаза болғандар санының 95,6 пайызын құрайды (23 жағдайдың 22-сі), бұл адамдардың негізінен тұрғын үй секторында оттан қаза болатынын көрсетеді, өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үй секторында адамдардың қаза болуы 6 жағдайға немесе 38 пайызға өсті, өрттерде адамдардың жарақат алуы 22 оқиғаға немесе 81 пайызға төмендеді.

"Тұрғын үй қорында өрттің пайда болуына және онда адамдардың қаза болуына ықпал ететін негізгі жағдайлар темекі шегу және маскүнемдік болып табылады. Көптеген жағдайларда спирттік ішімдіктерді пайдаланатын азаматтардың үй иеліктерінде пешпен жылыту және электр сымдары норма талаптарына сәйкес келмейді. Өзін-өзі сақтау инстинктерін бәсеңдету, алкогольмен масаю күйінде болуына әкеп соққан кейбір әлеуметтік қасиеттерді жоғалту, олардың өрттен қаза болу қаупінің артуын ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді.
Сонымен қатар адамгершілікке жат өмір сүретін азаматтардың тұрғын үйлеріне жүйелі түрде тексеру жүргізу, жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік бермейді, себебі олармен жүргізіліп жатқан жұмысты олар барабар түсіне бермейді және өз қауіпсіздігінің сұрақтарына немқұрайлы қарайды", - дейді маман. 

Тұрғын үй секторында өрттердің және адамдардың қаза табуын және жарақат алуын алдын-алу мақсатында, жеке тұрғын үй секторының тұрғындарымен төтенше жағдайлар департаментінің және аудан мен қалалардың төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдерінің қызметкерлерімен тұрақты негізде өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментімен облыс аумағында орын алған өрттермен байланысты жағдайлардың барлығын жан-жақты талдап отырады.

Департамент қызметкерлерімен өрттің алдын алу шараларын жүргізу үшін "Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы" түбіртек ұсыныстар, жадынамалар мен ақпараттық парақтар әзірленіп, адамдар жаппай жиналатын орындарда, мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлерде таратылады.

Суық түскеннен бастап пешті дұрыс пайдаланбаумен байланысты жазатайым оқиғалар салдарынан тұрғындардың улы газбен улануы орын алады. Көбінесе бұл жағдайлар аяз басталғаннан бастап жылыту пештерін пайдалану кезінде басталады, және тұрғындар қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытады.

"Шара барысында қызметкерлер пешпен жылытуды пайдалану ережелерін түсіндіреді, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес кеңес береді-қандай да бір ақаулары бар және зақымдары бар пештерді пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынатыны, түтін мұржалары, түтіндіктер үш айда бір реттен кем емес күйеден тазарту қажеттігі, ешқандай жағдайда жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға болмайтыны, тез тұтанатын сұйықтықтарды пеш жағу үшін қолдануға, пеш жанында жанғыш заттарды кептіруге болмайтындығы түсіндіріледі. Сонымен қатар балалармен әңгіме өткізеді", - дейді өрт сөндіру саласының маманы. 

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын өрттерде адамдардың қаза болуын болдырмау үшін қажетті сақтық шараларын сақтауға, газ құралдарын, жылыту пештері мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети