05 қыркүйек 2019 | 17:24

Тұрғынның сауалына жауап бермеген шенді жазаланды

© aktobenews.kz

Тұңғыш Президент атындағы саябаққа жұмсалатын бюджет шығынын білмек болған тұрғын сауалы шендіні тығырыққа тіреді, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тұңғыш Президент атындағы саябаққа жұмсалатын бюджет шығынын білмек болған тұрғын сауалы шендіні тығырыққа тіреді, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жандос Өтеулин Әдеп кеңесіне шақырылды. Мемлекеттік қызметте жеті жылдан бері жүрген маман тұрғынның сауалын жауапсыз қалдырған.

Реклама
Реклама

Кеңес талқылауында қала тұрғынының шілде айында екі рет хат жазғаны белгілі болды. Тұрғын 2013-2019 жылдардағы Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақты күту жұмыстарына кететін шығын мен бюджетке түсетін кірісті әкімдікке сауалнама жіберіп сұраған. Анықталғандай, басшы аталмыш мәліметті беруден бас тартқан.

Бөлім басшысы өзіне тағылған кінәні мойындап, тұрғын сауалына мемлекеттік қызметкерлердің тексерісінен кейін жауап бергенін баяндады.

Басшылық қызметтегі маманның әрекеті немқұрайлық таныту деп бағаланып, ескерту берілді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная