Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Турист Алматыда қар барысын суретке түсіріп алды

25 Қаңтар 2015, 23:37
1
Қар барысы мен оның күшігі.
Қар барысы мен оның күшігі.

Турист Сергей Михальков Алматы маңындағы таулардың бірінде тірі қар барысын суретке түсіріп алды. Туристің эксклюзив суреттері мен сирек кездесетін жыртқышты көріп қалғаны жайлы әңгімесі "Ветер Странствий" журналында жарияланды.  

"Панорамада желсіз, жылы ауа райы болды, ары қарай 60 метрдей жүргеннен кейін (Комсомол шыңына қарай) ірі іздерді байқадық. Ақ тышқанның ізі емес екені анық болды. Қажеті болып қалар деп, суретке түсірдік. Тағы жүріп көруге бекіндік. Жота бойында іздер Солтүстік Талғарға қарай жалғасты. Бедерін бақылап, баяу қозғалдық. Төменгі жақта бірдеңе қозғалды - бір шығыңқы қара дақ, тастардың сол жағында қардың ернеуіне жақын жерде. Біз бірдей тоқтап, жотаның көлеңкесіне қарадық. Түсініксіз, қара дақ та қатып тұрып қалды, ал бірнеше секундтан кейін бір жерде айналды, жануардың пішінін байқадық. Қаланың елтаңбасындағыдай!", - дейді турист. 

"Абырой болғанда, барыс бұрылып, ауыр құйрығымен бұлғады да Комсомал жаққа қарай, содан кейін Сол Талғарға өз жолымен кете барды. Міне, осы кезде мен фотоаппаратты алдым да, батырманы басып қалдым! Әйтеуір бірдеңе шықты...", - деп жазады автор.

Саяхатшы бұл оқиғаның дәл қай уақытта болғанын нақтыламады, тек аптаның бір күні - сенбіні айтты. 

Айта кетейік, Интернеттің кейбір қолданушылары суреттің түпнұсқалылығына күмән келтірді. "Сурет шынайы емес. Барысты қардың үстіне фотошоппен қоя салғандай!", "Іздері шын, ал барыстың суреті қолдан жасалған". "Барс - нағыз фотошоп", "Барыс түсірілген фото - ФЕЙК!", "Суреттен көлеңкесі, рефлексі, түстердің берілуі әртүрлі" делінген пікірлер жазылды. 

Ал тағы бір қолданушылар керісінше, суреттердің жалған емес екенін және автордың оқырмандарды алдамайтынын жазып жатыр. "Достар, авторға және оның қасындағы серігіне сенбеуге негіз жоқ. Олар сенімді адамдар. Фотоаппаратпен түсірілген, алыста күн, қар... Барыстың адамдарға ерекше әсер еткеніне қуаныштымын. Бұл суреттердің сіздердің де назарларыңызға іліккеніне қуаныштымын!", - деді журнал редакторы Наталья Боровая. 

Қолданушылардың бірі 2013 жылы түсірілген видеоны жүктеді, роликте Алматы қорығындағы қар барысы мен оның күшігі бейнеленген. Жазба видеоқақпан арқылы түсірілген.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай