30 қыркүйек 2017 12:20

Түркияда ірі жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар елге оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Территория происшествия бағдарламасы © Территория происшествия бағдарламасы

Түркияда ірі жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар Алматыға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркияда ірі жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар Алматыға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антальядан Стамбұл арқылы Turkish Airlines рейсімен Түркияда жол апатынан зардап шеккен ҚР төрт азаматы мед. қызметкерлердің сүйемелдеуімен және үш туысы Алматы әуежайына таңғы 05:25-те қонды. Тікелей ұшақтан оларды бірнеше жедел жәрдем көліктері Алматы облыстық клиникалық ауруханасына алып кетті. Барлық төрт қазақстандықтар әзірге - жатып қалған (өздігінен жүре алмайды). 

Зардап шеккен қыздардың бірі Асыл Сағындықованың анасы Қазақстанға келгенше оларға ауырсынуды басуға арналған дәріні егіп келген. 

"Біздер, аналардың жүрегі жарылатын болды. Бұл өте ауыр жағдай. Мұны сөзбен жеткізе алмаймын. Сап-сау балаларымызды аттандырдық, соңында мынадай болды. Олардың еш кінәсі жоқ. Бұл әрқайсысымыздың басымыздан өтуі мүмкін. Мұндайдың қайталануынан Құдай сақтасын. Барлығының да балаларының дені сау болып, ешкім басынан өткермесін мұндай жағдайды. (...) Сақтандыру жайлы (Түркияға барардың алдында) ешкімде оны ойламаған. Сақтандырған күннің өзінде де мұндай жағдай болатын еді", - деді Сәуле Сағындықова. 

Оның айтуынша, кемінде екі адам сауығып өз аяғымен жүріп кетуі үшін бір жылдай уақыт кетеді екен. 

Сонымен қатар, Түркияда Алма есімді қыз қалып қойған, оның екі қолы бірден сынған. "Ол Нұрсұлтанның заңды әйелі. Асыл және барлық зардап шеккендер бала кезден дос", - деді Асылдың анасы. 

Сонымен қатар, ол ҚР СІМ және Түркиядағы Қазақстанның консулы, Денсаулық сақтау министрлігіне, БАҚ өкілдеріне және осы жағдайға бейжәй қарамаған барша қазақстандықтарға алғыс білдірді. 

Еске салайық, мұның алдында Түркияға Қазақстаннан демалуға барған жеті дос жантүршігерлік жол апатына ұшырағаны белгілі болған еді. Жол-көлік оқиғасынан төрт түрік азаматы қаза тапқан, ал қазақстандықтар түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға түскен. Кейін олардың елге санавиациямен жеткізілетіні хабарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети