25 желтоқсан 2017 11:57

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі © ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі ЖансейітТүймебаев Түркістан қаласының активіне Қазақстан Президенті әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа əкімді таныстырды. Сонымен, облыс əкімінің өкімімен Түркістан қаласының әкімі болып Тәжібек Қалманұлы Мұсаев тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа әкімді таныстыру кезінде аймақ басшысы лауазым иесінің жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды және "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаланың жүзеге асырлуын басты назарға алуды тапсырды.

Т.Қ.Мұсаев 1958 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі инженер- механик. Еңбек жолын 1982 жылы Абай колхозының машина шеберхансының меңгерушісі ретінде бастаған.

1985-2013 жылдары Кентау қалалық автокөлік паркінің инженері, Түркістан аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас инженері, Түркістан аудандық аграрлық-өнеркәсіптік бірлестігінің инженері, Түркістан қалалық ауыл шаруашылық басқармасының бас маманы, Түркістан қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы, Түркістан қалалық ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Түркістан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Түркістан қаласы Иассы ауылдық округінің әкімі, Түркістан қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, Түркістан қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2013 жылдың қазан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етіп келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети