1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Түркістан облысында жасырын жұмыс істеген казино әшкере болды

Түркістан облысының Көктерек ауылының тұрғыны жасырын казино ашқан, - деп хабарлайды "Отырар".

Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің мамандары жасырын казиноның 13 қарашада рейд кезінде әшкере болғанын хабарлап отыр.

Ойын бизнесі туралы Қазақстан заңын бұзған замат А. Құлажановқа қатысты құжаттар Сарыағаш аудандық прокуратурасына жолданған.  

Айта кетейік, қазіргі уақытта заң бойынша казино аумағы Алматы облысында (Қапшағай су қоймасының жағалауы) және Ақмола облысындағы Щучинск ауданында бекітілген. 

Рейд шаралары Түркістан облысының барлық аумағында жүріп жатыр, мамандар базарларды, дүкендерді, дәріхана мен басқа да нысандарды тексереді. Әсіресе демалыс орталықтары көп Сарыағаш ауданында тексерістер көп болады.