05 мамыр 2019 17:06

Түркістан облысында заңсыз ауланған 1 тоннаға жуық балық тәркіленді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Оtyrar.kz © Оtyrar.kz

Түркістан облысы полицейлері "Уылдырық" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 6 экологиялық қылмыс пен 100-ге жуық құқықбұзушылықты анықтады.


Түркістан облысы полицейлері "Уылдырық" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 6 экологиялық қылмыс пен 100-ге жуық құқықбұзушылықты анықтады.

Аталған іс-шара балық және балық өнімдерін заңсыз аулау, тасымалдау, сатып алу немесе өткізуге қатысты экологиялық қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды анықтау мен алдын алуға бағытталған. Полицейлер "Уылдырық" жеделдетілген-профилактикалық іс-шарасы басталысымен заңсыз балық аулау бойынша 6 экологиялық қылмысты анықтады.

Мысалы, Түркістан облысы мен Мақтарал аудандық ЖПҚ қызметкерлері бірлесіп, бейінді ұйымдастыру арқасында Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған Мақтаарал ауданының жергілікті тұрғынын ұстады. Табиғатқа залал келтіруші азаматтан айғақты зат ретінде, балық аулауға арналған керек-жарақтар мен 9 келі заңсыз аулаған балығы алынды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Одан бөлек, табиғатты қорғау полицейлерімен жүргізілген іс-шараның нәтижесінде 97 әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, оның ішінде 8 жайт балық аулау ережесін өрескел бұзғандығына байланысты. Құқық бұзған азаматтарға 1,2 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. "Уылдырық" жеделдетілген-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы Полиция департаменті ЖПҚ полицейлері, заңсыз ауланған 800 келі балық, 9 қайық және басқа да балық аулауға қажетті керек-жарақтарды тәркіледі.

Түркістан облысында "Уылдырық" жеделдетілген-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жалғасады. Тәртіп сақшылары тұрғындарға балық ресурстары мен жануарларды заңсыз аулау, жойылып кету бар өсімдіктерді жұлу заңмен қудаланатынын ескертеді.

Еске салсақ, балық қорғау органдарына, балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу, көмек көрсету мақсатында, Түркістан облысында 8 сәуір мен 31 мамыр аралығында "Уылдырық" жеделдетілген-профилактикалық іс-шарасы өтеді.

Дереккөз: Оtyrar.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети