25 қыркүйек 2015 23:33

Түркістан тұрғыны өзін үшінші пайғамбар деп жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvk-uko.kz © tvk-uko.kz

Түркістан қаласының 51 жастағы тұрғыны Нұрәли Әмірәлиев өзін үшінші пайғамбар деп жариялап, қала әкіміне хат жазды және жергілікті билікке өз миссиясы жайлы айтып берді. Ер адамның айтуынша, Жаратқан бұл хабарды халыққа таратуын бұйырыпты. Оның жазған хаты әлеуметтік желілерде наразылық туғызып үлгерді, - деп хабарлайды TVK.


Түркістан қаласының 51 жастағы тұрғыны Нұрәли Әмірәлиев өзін үшінші пайғамбар деп жариялап, қала әкіміне хат жазды және жергілікті билікке өз миссиясы жайлы айтып берді. Ер адамның айтуынша, Жаратқан бұл хабарды халыққа таратуын бұйырыпты. Оның жазған хаты әлеуметтік желілерде наразылық туғызып үлгерді, - деп хабарлайды TVK.


Ер адам өзін үшінші пайғамбар деп жариялады. © tvk-uko.kz

Ер адам құдайдан аян түскенін айтып отыр. "Мен мызғып алу үшін жатқанмын, көзімді ашқаным сол еді, батыстан дауыс шықты: "Құлым менің, сен менің елшім боласың". Содан бері мен Жаратқаннан тікелей хабар алатын Мұхаммед пайғамбардан кейінгі үшінші пайғамбар екенімді түсіндім", - дейді Нұрәли.


© tvk-uko.kz

Шешесі оның ісін құптайды екен. Мұғаммед пайғамбардың өмірі жайлы кітапты оқығаннан кейін ол баласына қарсы шықпауды шешіпті. "Егер ол алдап отырса, Алланың жазасын алады", - дейді шешесі.


© tvk-uko.kz

Ал Түркістандағы мешіттердің бірінің имамы Құранда Мұхаммед пайғамбардың соңғы екені және мұның талқылауға келмейтін дәлел екенін айтады. "Жаратқан Алланың сөзінде мұның ең үлкен күнәлардың бірі екендігі айтылады. "Әл-Ахзаб" сүресінде Мұхаммед пайғамбардан кейін пайғамбар болмайтыны айтылады", - деді имам Әлихайдар Сейітбекұлы.


Имам Әлихайдар Сейітбекұлы. © tvk-uko.kz

Қалалық әкімдіктің өкілдері оның хатына жауап берді. Алайда Нұрәли Әмірәлиев жергілікті биліктің қолдауын таппады. Өз кезегінде шенеуніктер өз-өзін пайғамбар деп жариялаған ер адамның психиатрдың есебінде болуы мүмкін екендігін айтады. 

Түркістандағы әкімдік ғимараты. © tvk-uko.kz

"Қазақстанның дін істері және діни бірлестіктері туралы заңына сәйкес, азамат Әмірәлиевтің талаптары мен тілектері қарастырусыз қалдырылды", - деп мәлімдеді Түркістан әкімінің баспасөз хатшысы Мәлік Алмаханов.


Түркістан әкімінің баспасөз хатшысы Мәлік Алмаханов. © tvk-uko.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети