17 қазан 2019 15:26

Түркістанда ерекше фонтан ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістандағы абаттандыру жұмыстары жүзеге асып жатқан "Гүлдер саябағының" іргесінен шəйнек үлгісіндегі фонтан іске қосылды. Ұлттық оюмен өрнектелген шəйнектен кесеге құйылған шəйдің көрінісін бірден аңғаруға болады. Креативті дүние арлы-берлі өткеннің таңданысын туындатып жатқаны да жасырын емес, - деп хабарлайды "Отырар". 

Түркістан қаласының жазғы климаты өте ыстық болғандықтан, тұрғындар бойұсынса да, келушілердің əрдайым көңілі ауатын құбылысы - ауа-райы. Сондықтан да, демалыс орындарын жандандыруды көздеген рухани мекенде міндетті түрде фонтандар саны артатын болады. Нəтижесінде, бой сергітіп отыруға келген тұрғындарға жайлылық пен ыңғайлылық сыйлайды.

Айта кетейік, бұл жоба қала əкімі Рашид Аюповтың бастамасымен іске асып отыр. "Түркістан жарық-тазалық" ЖШС мердігерлік еткен ерекше фонтан дəстүрге сай, заманауи əрі елімізде алғаш рет бой көтерді. Мыстан жасалған жаңа фонтанның биіктігі 6 метр, ал ені 7 метрді құрайды. Қағаз бетіне түсірілген тың дүниені үйлестіруде 15 жұмысшы қызмет етті. Жақын арада толықтай аяқталып, түнгі уақытта түрлі түске еніп, кешкі қаланың ажарын айшықтай түспек.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети