17 қаңтар 2020 10:23

"Түркістанға 2 800 жыл": Қала әкімі тарихи мәлімдеме жасады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Түркістанның бой көтергеніне екі мыңнан астам жыл болуы мүмкін. Қала әкімі Рашит Аюпов және археологтар мен сарапшылар осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Отырар".


Түркістанның бой көтергеніне екі мыңнан астам жыл болуы мүмкін. Қала әкімі Рашит Аюпов және археологтар мен сарапшылар осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Отырар".

Аюпов нақты шешім 2020 жылдың қарашасында ғана жарияланатынын атап өтті. Бұл мәселе бойынша ЮНЕСКО өкілдері сөз сөйлейді.

"Әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізген мамандар біздің Түркістанға екі мың жылдан астам уақыт, тіпті 2 800 жыл толғанын айтып отыр. Мен бұл мәліметтердің расталатынына сенімдімін", - деді Түркістан әкімі.

Сарапшылардың айтуынша, бұл болжамның негізі бар.

"Бүгін кездесуде осы идеяны қалай ілгерілетуге болатыны жайлы ой қозғадық. Негізінде, деректер бар. Бірақ тағы да дәлелдер қажет, ал оларды біздің археологтар тапқаннан кейін халықаралық жұртшылыққа таныстырады. Археолог Айсұлу Ержігітованың айтуы бойынша, Күлтөбеде әлі тиянақты зерттеулер жүргізілмегендіктен, қаланың жасы 2 200 жылдан артық болуы әбден мүмкін. Осы тамаша Түркістан қаласына қанша жыл толғанын анықтау үшін уақыт керек", - деп түсіндірді Халықаралық Орталық Азия зерттеулер институтының директоры Дмитрий Воякин.

Айта кетелік, 2000 жылы Түркістан 1 500 жылдығын ресми түрде атап өткен.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети