21 шілде 2016 11:50

Түрмеде радикалдандыру жоқ - ІІМ қылмыстық-атқару жүйесіндегілер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newstes.ru © newstes.ru

ІІМ қылмыстық-атқару жүйесіндегілер түрмеде радикализация жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Пробация туралы" заң жобасын талқылау үшін өткен дөңгелек үстел отырысында ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлімдеді.


ІІМ қылмыстық-атқару жүйесіндегілер түрмеде радикализация жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Пробация туралы" заң жобасын талқылау үшін өткен дөңгелек үстел отырысында ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлімдеді.

Тілшілер Аюбаевқа қамалушылар радикал діни ағымға бет бұрмас үшін қандай шаралар жасалып жатқандығын сұраған. Сұрақ Алматыда болған терактіден кейін қойылған, себебі ҚР ҰҚК ақпараты бойынша теракт жасаған Руслан Кулекбаев бұрындары екі рет сотталған және колонияда жүріп, радикал ұғымды сіңірген делінді.

"Қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осындай қылмыстың түрімен сотталғандар (терроризм, экстремизм) дербес алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Онда тек біз ғана емес, дінтанушылар да жұмыс жасап жатыр, ол жақта нақты жұмыстар жасалып жатыр. Осындай қылмыспен ұсталғандардың жанындағылармен де жұмыс жасаймыз. Мен мұны ресми түрде айтамын. Мысалы қазір бір адам колонияға келіп идеялас болды десе мен мысалы оған сенбеймін", - дейді Аюбаев сұрақтарға жауап бере отырып.

"Қазіргі кезде бас бостандығынан айыру мекемелерінде 36 мың жазасын өтеуші бар, сауалнама жүргіздік, 28 мың қамалушы сынақтан өтуде, кейбіреулері бірнеше рет сотталған. Бұл мәселелерді біз сараптамадан өткізгенбіз. (...)", - деді ол.

Ол адамның бас бостандығынан айыру мекемелерінде 1 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы жазасын өтейтіні айтты. Орта есеппен адамдар түзету мекемесінде 5 жылдай болады. "Бес жылдың ішінде экономикалық, әлеуметтік жағдай тез ауысады. Сондықтан бостандыққа шығуға жарты жыл қалғанда арнайы бағдарламалар бар, тренингтер жүргізіледі. Ойлап көріңізші, адам бес жыл бойы түрмеде отырды. Таңертең тұрады, тамақ ішеді, оқиды, жұмыс істейді, емделеді. Оның күні кестеде жазылған. Ешқандай тұрмыстық қиыншылықтарды көрмейді. Бірақ шыққан соң қайда барарын білмейді", - деді ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасының орынбасары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети