05 ақпан 2014 15:21

Түрмедегі жағдай әскерилерден де жақсы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕЦ-166-10 түзеу мекемесі (Астана) Фото ©Нұрғиса Елеубеков ЕЦ-166-10 түзеу мекемесі (Астана) Фото ©Нұрғиса Елеубеков

2013 жылы еліміздің түрмелерінде бір сотталушыны ұстауға 603 мың теңге кеткен. Ал 2014 жылы бір сотталушыға кететін шығын 687 мың теңгені құрайтын болады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мәлім болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бұл жылына кететін сома, ал айына бір сотталушыны ұстауға кететін шығын 57300 теңгені құрайды. Норма бойынша осылай, сонымен қатар, шындығында да біздегі сотталушылар әскери қызметтегілерге қарағанда жақсы қамтамасыз етілген. Мәселен, түрмедегі сотталғанға 200 граммға дейін ет беру нормада бар, мұның бәрін біз Қазақ тағамтану академиясымен келісіп бекітіп отырмыз", - деді ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүгін Мәжілісте. Айта кетерлігі, талқылау барысында Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов түрмедегілердің жағдайына қайран қалып, біршама мысалды ортаға тастаған болатын. "Біздің түрмелер үшінші мыңжылдықтың "жабайыларын" дайындап жатыр. Неге, дейсіз бе? Өйткені, біз түрме мекемелерін елден жыраққа орналастырып, қоршауды сорайтып, қоғамнан оқшаулауды әрі қарай жалғастырып жатырмыз. Дамыған елдердің тәжірибесін алудың орнына Беларусьтың тәжірибесіне жүгінгеніміз қалай?", - дейді депутат Т. Өмірзақов. Сонымен қатар, депутат бір сотталушыға айына 57 мың теңге жұмсалатынын алға тартып, бұны ең төменгі тұтыну себетіне салып та қарады. "Ал керек болса, түрмедегінің жағдайы жап-жақсы. Ол жылы орында жатыр, тамағы да тоқ, коммуналдық қызметке де бас ауыртпайды, ең ақыры оны күзетеді. Осының бәрі тұрған бойы шығын", - дейді Тұрсынбек Өмірзақов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети