08 маусым 2016 16:30

"Түсті революциялардың" белгілері бізде де пайда болды - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Түсті революцияның" белгілері бізде де пайда болды. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Түсті революцияның" белгілері бізде де пайда болды. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік саясат пен заңдарымыздың либералдығын пайдалана отырып, белгісіз біреулер мемлекеттік билікті тексермек болды. Экстремистер мен террористерге біз қашан да ең ауыр жазаларды қолданатынымызды мәлімдеймін. Бұл үшін мемлекетте қажетті күш пен мүмкіндік жетерлік. Біз "түрлі-түсті революцияның" түрлі әдістерден тұратынын және митингтерден, кісі өлтірулерден, билікті басып алуға талпыныстардан тұратынын білеміз. Бұл белгілер бізде де пайда бола бастады. Мұндай жағдай болған елдерде қазір мемлекет те, тұрақтылық та жоқ. Ол жердерде ашаршылық болып, экстремистер мен террористердің пайда болуына жағдай жасалып жатыр. Бұл елдердің экономикасы ондаған жылдарға артта қалды", - деді Назарбаев.

"Халықты, саяси және қоғамдық ұйымдарды татулықты, тұрақтылықты және қазақстандықтардың достығын көрсетуге шақырамын! Мемлекет қоғам мен елді шайқалтқысы келетіндермен күресу үшін қосымша шаралар қолданады. Оларды арнайы қарап, нәтижесін шығарамыз", - деп сөзін аяқтады Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети