25 сәуір 2017 15:51

Тізгінде телефонмен сөйлесіп, белбеу тақпаған полицей формасындағы ер адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық ІІД өкілдері тізгінде телефонмен сөйлесіп, белбеу тақпай келе жатқан полицей формасындағы ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы сәтті видеоға куәгерлер түсіріп алған.

Видеожазба 20 сәуірде Алматыдағы Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында түсірілген. Полиция формасындағы ер адам жекеменшік көлікпен жүрген. Сондай-ақ, ол салонда телефонмен сөйлесіп және белбеу тақпай келе жатқан.

"Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері айқын көрініп тұр. Ол белбеусіз, оның үстіне телефонмен сөйлесіп келе жатқан. Ол қызметкер ме, жоқ па - оған қарамастан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірінші кезекте біз оны құқық бұзушы ретінде іздестіреміз. Ал екінші кезекте ол расында да ІІД бөлімшелерінің бірінде жұмыс істесе, біз оған қатысты тәртіптік мазмұндағы шараларды қабылдаймыз. Алматыда ҚР ІІМ тағы бір бөлімшесі бар", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети