12 ақпан 2017 12:21

Уақытша жұмыссыз жүрген Тінікеев қайырымды істер акциясына қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Мұхтар Тінікеев қалаған адамды Астанадан Қарағандыға тегін жеткізіп салуды ұйғарып, қайырымды істер акциясына қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Мұхтар Тінікеев қалаған адамды Астанадан Қарағандыға тегін жеткізіп салуды ұйғарып, қайырымды істер акциясына қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір сағаттан кейін Қарағандыға жүремін, жолсерік болғысы келетін кім бар, аяз ғой, ақша қажет емес...", - деп жазды Twitter желісінде Тінікеев.

Instagram желісінде ол осылайша Астана әкімінің бастамасын қолдайтынын айтып, жолға сағат 11.00-де "Нұрсая" тұрғын үй кешенінен шығатынын нақтылады.

Айта кетейік, таяуда Астана әкімі Әсет Исекешев Facebook желісіндегі парақшасында аяз күндері қайырымды жүргізушінің тегін жеткізіп салғаны жайлы жазған автордың посын бөліскен еді. Автор барлық жүргізушіні осы адамнан үлгі алуға шақырады.

"Қыс аяқталып қалды. Жүргізушілер, суық күндері "ауа" тасымаңыздар, барар жеріңіз бір болса, қайырымды іс жасаңыздар. Қайырымды іс акциясы таңнан басталса - күніңіз сәтті басталғаны", - делінген еді жазбада. 

Бұл жазбаны бөліскен Әсет Исекешев "Бұл өте жақсы үлгі. Әрбір қалалық осындай қайырымды істі күніне бір рет жасап тұрса, Астана қайырымды істер қаласына айналады", - деп жазған еді.

Айтпақшы, Астана әкімі Тінікеевтің бұл ісін осылайша бағалады:

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети