Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

ҰБТ-2015: Желіде биылғы тесттің тапсырмалары делінген суреттер пайда болды

02 Маусым 2015, 18:20
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

ҰБТ-2015 өткізіліп жатқан кезде әлеуметтік желілерде биылғы тест тапсырмалары делінген суреттер жария бола бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәселен, топтардың бірінде мына тесттер жарияланды. Түлектер осылайша келесі күндері емтихан тапсыратындарға көмектескісі келетінін түсіндірді. 

Алайда Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері нұсқалардың күнделікті ауысып отыратынын мәлімдеді.

"Нұсқалар, жарияланған осы екі парақша біздің нұсқаларға ұқсас. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Бірақ ертең бұл нұсқалар қайталанбайды", - деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері.

Еске салайық, Ұлттық тестілеу орталығы сайтында ҰБТ-2015-ке 87 783 түлектің 165 пунктте қатысатыны, соның ішінде 62 385-і қазақ тілінде және 25 398-і орыс тілінде тапсыратыны хабарланған.

Айта кетейік, былтырғы тестілеу кезінде де Желіде тапсырмалардың суреті пайда болған еді. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев сол уақытта әлеуметтік желілерде 2 маусымда шыққан суреттегі нұсқаның 2014 жылғы ҰБТ-ның тапсырмасы екенін растады. Бірақ ол тест нұсқаларының күнделікті ауысып отыратынын атап өткен болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай