08 маусым 2016 12:49

ҰБТ-2016: Тестілеудің алты күнінде 19 түлек 125 балл жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі 2016 жылғы 2-7 маусымда ҰБТ өткізу туралы ақпаратты жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі 2016 жылғы 2-7 маусымда ҰБТ өткізу туралы ақпаратты жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2-7 маусым аралығында өткізілген тестілеуге 81 900 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде - 59 832, орыс тілінде - 22 158 бітіруші.

Тестілеудің алты күнінде мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады:
- Матқалиева Динара Маратқызы, Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия, Алматы қаласы;
- Мейірханова Аружан Ерланқызы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қаласы;
- Оспанова Рәмзия Рамазанқызы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қаласы;
- Мұхаметқали Еркежан Дөсенқызы, №175 "Жаңа ғасыр" гимназиясы, Алматы қаласы;
- Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, №169 мектеп-лицей, Алматы қаласы;
- Беркінова Ақнур Нұрболқызы, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Батыс Қазақстан облысы;
- Болат Кәмшат Болатқызы, №17 Семей мектебі, Семей қаласы;
- Ержанов Нұрасыл Ержанұлы, №72 мектеп-лицей, Астана қаласы;
- Исмаилова Дана Сүйіндікқызы, Х.Оспанов атындағы №3 мектебі, Павлодар облысы;
- Маратова Ақерке Маратқызы, Абай атындағы мектеп, Шығыс Қазақстан облысы;
- Усин Әділ Қуатұлы, Қызылқақ мектебі, Павлодар облысы;
- Балтабай Ерасыл Айтбекұлы, Б.Момышұлы атындағы №120 мектеп, Шымкент қаласы;
- Әбубәкір Ақмарал Кенжеханқызы, А.Шерімқұлов атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы;
- Кеңесбеков Абылай Еркінұлы, Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған мектебі, Шымкент қаласы;
- Тортай Аяжан Қайратқызы, М.Әуезов атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы;
- Түгелбай Фариза Абайқызы, "№178 лицей" (Алматы қ.);
- Әбішев Тілекберген Абдыманапұлы, №3 Қазақ - түрік лицкей-интернаты, Жезқазған қаласы;
-Асан Ақтолқын Болатқызы, Д.И.Менделеев ат.№15 мектеп-лицей, Шымкент қаласы;
-Тұрдиева Мерей Хайроллақызы, үш тілде оқытатын №2 мамандандырылған мектеп-иетернаты, Шымкент қаласы.
Тестілеудің алты күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 37 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:
- ұялы байланыс телефондарын пайдалану - 19 бітіруші;
- емтихан материалдарын бүлдіру - 1 бітіруші;
- сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру - 17 бітіруші.

Сонымен қатар, тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады. Апелляцияға өтінішті беру барысында бітіруші әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Тестілеудің бес күнінде (3-7 маусым аралығы) Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 516 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 129 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудің үш күнінде қолданған тест тапсырмаларының 0,88 пайызын құрайды. Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.

Ведоствоның мәліметінше, келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың мынадай себептері бар: әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы мен техникалық себептер, ал оның ішінде баспалық қателер.
Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети