10 маусым 2016 17:08

ҰБТ-2016: Төртінші ағымның қорытындысы бойынша 125 балл жинаған бітірушілер саны өзгерген жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі 2016 жылғы 2-9 маусымда ҰБТ өткізу туралы ақпаратты жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі 2016 жылғы 2-9 маусымда ҰБТ өткізу туралы ақпаратты жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2-9 маусым аралығында өткізілген тестілеуге 84 079 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде - 61 739, орыс тілінде - 22 340 бітіруші.

Айта кетейік, тестілеудің сегізінші күні 125 балл жинаған бітірушілер саны өзгерген жоқ. Олардың саны әлі күнге дейін 19 адамды құрайды. Олардың ішінде Алматы қаласынан 6 түлек, Шығыс Қазақстан облысынан 2 түлек, Павлодар облысынан 2 түлек, Астана қаласынан 1 түлек, Батыс Қазақстан облысынан 1 түлек және Қарағанды облысынан 1 түлек 125 балл жинаған.

Сонымен қатар, ҰБТ-ның сегіз күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған 38 бітіруші тестілеуден шығарылды. Олардың ішінде ұялы байланыс телефондарын пайдаланған 19 бітіруші, емтихан материалдарын бүлдірген 1 бітіруші, сұрақ кітапшаларын сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстырған17 бітіруші мен тестілеуге бітірушінің орнына бөгде адамның кіруге әрекет ету бойынша 1 бітіруші тестілеуден шығарылды.

Ведомствоның мәліметінше, тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әр пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқығы болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады. Апелляцияға өтінішті беру барысында бітіруші әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети